Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдей ме?

Қазақстан елінің азаматтары үшін визасыз баратын мемлекеттер тізімі жыл сайын артып келеді. 2024 жылы еліміз бірнеше мемлекетпен визасыз келісімдер жасады. Мәселен, Вьетнам және Таиланд мемлекеттерімен визасыз жүру мерзімі 60 күнге дейін ұзартылды. Сыртқы істер министрлігі жақында Марокко мемлекетімен де визасыз режим басталатынын мәлімдеді. Бұл мемлекетте қазақстандықтар 30 күнге дейін визасыз жүруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар қазақ елі үшін ТМД елдерінің көпшілігімен визасыз сапарлар туралы келісімдерге қол қойған.

Мысалы, 30 күнге дейін:

Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне кіру үшін Қазақстан азаматының паспорты жеткілікті. Алайда, кейбір елдерде азаматтарымызға қосымша талаптар қойылуы әбден мүмкін. Іргелес жатқан көрші Ресейге кірген кезде көші-қон картасын толтыру қажет, және де

-Аргентина

-Бразилия

-Әзірбайжан

-Вьетнам

-Катар

-Қытай

-Доминикан республикасына

-Оңтүстік Корея

-Куба

-Мальдив аралдары

-Никарагуа

-Намибия

-БАӘ

-Сан-марино

-Сербия

-Тунис

-Филиппин

-Эквадор

-Сейшель аралдары

-Оңтүстік Корея (KETA жүйесі)

-Малайзия (MDAC көші-қон картасы) сынды мемлекеттерде 30 күнге дейін визасыз жүретін мүмкіндігі бар. Ал 90 күнге дейінгі визасыз туристік мақсаттағы сапарлар үшін төмендегі елдер өте қолайлы:

Албания, Андорра, Гаити, Колумбия, Молдова, Моңғолия, Түркия, Украина секілді мемлекеттермен тізім толығып тұр.

Қазақстандықтар үшін визасыз ұзақ мерзімге тұрақтау бойынша Грузия мен Армения мемлекеттері көш басында тұр. Аталған мемлекеттерге 6 айдан 1 жылға дейінгі уақытта тұрақтауға болады.

Ал Еуропаға бару Қазақстандықтар үшін қаншалықты қиын?

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, еліміздің азаматтары үшін “шенген визасын” алуды жеңілдету үшін Еуроодақ келіссөздерге дайын екенін растады. Шенген визасын алу жеңілдеген жағдайда Қазақстандықтар Еуропа мемлекеттерінің кез-келген аймағында 30 күнге дейін жүріп-тұруға құқылы, әрине Ұлыбританиядан басқа. Естеріңізге сала кетсек, Ұлыбритания ешқашан шенген аймағына кірмеген. Еуроодақтың біраз жыл бойы мүшесі болып, 2020 жылдың 31 қаңтарында ресми түрде Еуроодақтан шықты. Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қазақстандық төлқұжат болашақта әлемнің түкпір-түкпір елдеріне еркін қатынауға жол ашпақ!

Дуйсенбек Абылайхан

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *