Жолда сақ болу – өмірді қорғау

Жол-көлік оқиғалары (ЖКО) – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әлемде күн сайын миллиондаған адамдар жол қозғалысына қатысады, және бұл қозғалыс барысында түрлі себептермен жол апаттары орын алып жатады. ЖКО тек жеке адамдардың ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесіне айналған. Олар адамдардың денсаулығына, өміріне, экономикаға және психологиялық жағдайына кері әсер етеді.
ЖКО-ның себептері:
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне адамның қателігі, көліктің техникалық ақаулары және қоршаған ортаның жағдайлары жатады.
1)Жүргізушінің жауапсыздығы – ЖКО-ның ең жиі кездесетін себебі. Жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, мас күйде көлік жүргізуі немесе ұялы телефонға алаңдауы жолдағы қауіп-қатерді арттырады.
2)Техникалық ақаулар – Тежегіш жүйесінің істен шығуы, шиналардың тозуы немесе көліктің басқа да тетіктерінің ақаулары жол апатына алып келуі мүмкін.
3)Жол жағдайлары – Жолдардың сапасыздығы, ауа райының қолайсыздығы (қалың қар, жаңбыр, тұман) және жол белгілерінің жеткіліксіздігі де ЖКО-ға себепші болады.
ЖКО-ның салдары
Жол апаттарының салдары әрқашан ауыр. Көптеген адамдар жарақат алып, тіпті өмірімен қоштасады. Мұндай оқиғалар отбасының өмірін түбегейлі өзгертіп, қоғамда үлкен шығындарға алып келеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, ЖКО-дан туындайтын шығындарға көлікті жөндеу, медициналық көмек, сақтандыру төлемдері және өндіріс шығындары кіреді. Еліміздегі жол-көлік оқиғаларының статистикасына көз жүгіртейік. Диаграммада көрсетіліп тұрғандай биыл 26235 адам ЖҚО тіркелді. Бұл көрсеткіш басқа жылдармен салыстырғанда өте жоғары.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу шаралары:
Жол-көлік оқиғаларын азайту үшін қоғам мен мемлекет бірігіп әрекет етуі қажет. Ең алдымен, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – әрбір адамның міндеті. Қоғамдық орындарда ақпараттық кампаниялар жүргізу арқылы халықтың жауапкершілігін арттыру маңызды. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту, көлік құралдарын уақытылы техникалық тексерістен өткізу және заманауи қауіпсіздік технологияларын енгізу де апаттарды азайтуға ықпал етеді.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау – әрбір адамның міндеті. Біз жолда сақтық танытып, өзіміздің және айналамыздағы адамдардың өмірін қорғауға атсалысуымыз керек. ЖКО-ны азайту үшін қоғамда жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Тек осылай ғана біз қауіпсіз әрі жайлы орта құра аламыз.

Қалабай Толқын

INFOTIMES

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *